​Армения үкіметі отставкаға кетті

0
1 315

Армян оппозияицсының жетекшісі Никол Пашинян уақытша үкімет жасақталып, мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізуді талап ететінін мәлімдеді.


​Армения үкіметі отставкаға кетті

фото: panarmenian.net

Армения президентінің жарлығымен елдің үкіметі отставкаға жіберілді,деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Конституцияның 130-бабының негізінде Үкімет отсавкасы қабылдансын", делінген жарлықта. Құжат ел президентінің айтында 23 сәуір күнгі датамен жарияланған.


Естеріңізге сала кетейік кеше, 23 сәуір күні елдегі он күннен асқан жаппай халықтық наразылықтан соң жаңа тағайындалған премьер-министр Серж Саргсян отставкаға кеткен еді.

Армян оппозияицсының жетекшісі Никол Пашинян уақытша үкімет жасақталып, мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізуді талап ететінін мәлімдеді.