Армения мен Әзірбайжан қарулы қақтығыстардан бас тартуға келісті

0
821

Келісім Армения мен Әзірбайжан арасындағы қақтығыс бір жарым ай өткен соң жасалды.


Армения мен Әзірбайжан қарулы қақтығыстардан бас тартуға келісті

ERNUR.KZ. Сочидегі үшжақты кездесуде Әзірбайжан, Армения және Ресей басшылары Оңтүстік Кавказдағы қақтығыстарды шешу үшін күш қолданудан бас тартуға келісті, деп жазады stan.kz.

Ресейдегі кездесуде барлық даулы мәселелер "егемендікті, аумақтық тұтастықты және шекаралардың мызғымастығын өзара тану негізінде" шешілетіні, Әзірбайжан мен Армения арасындағы бейбіт шартты дайындаудың маңыздылығы атап өтілді.

Келісім Армения мен Әзірбайжан арасындағы қақтығыс бір жарым ай өткен соң жасалды.

"Біздің ойымызша, бұл болашақ келісімдерге жол ашқан пайдалы кездесу болды", - деді Ресей президенті.

Үшжақты саммит қарсаңында Путин Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен және Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевпен жеке кездесті.

Пашинян Ресей бітімгерлері бақылайтын Қарабах аудандарынан Әзірбайжанның кетуі мен армян әскери тұтқындарын босату мәселесін көтерді.

"Қарабақ қақтығысы тарихтың бір бөлігіне айналды. Бұл мәселе екі жыл бұрын шешілді. Сондықтан бұл тұрғыда талқылайтын ештеңе жоқ", – деді Әлиев.

Сочидегі үшжақты келіссөздер Ресейдің Кавказдағы ықпалын айтарлықтай жоғалту аясында өтті.

Екі соғыс және бітімгершілік әрекеттері

Армения мен Әзірбайжан Таулы Қарабахта 1990 жыл және 2020 жылы соғысты.

2020 жылдың күзіндегі алты апталық соғыстан 6500-ден астам әскери қызметкер қаза тапты. Ол Ресейдің делдалдық келісімімен аяқталды, Ереван бірнеше онжылдықтар бойы өзі басқарған аумақ учаскелерін берді.

2022 жылдың қыркүйегінде қақтығыстарда 280-ден астам адам мерт болды, бұл бейбітшілік процесіне қауіп төндірді.

14 қыркүйекте Ресейдің бітімгершілікке шақырған сәтсіз әрекеттерінен кейін АҚШ делдалдығымен атыс тоқтатылды.

Мәскеу әлемдік аренада оқшауланғандықтан, Армения мен Әзірбайжан арасындағы келіссөздерде соңғы уақытта АҚШ пен ЕО жетекші рөл атқарды.

Тамыз айында Еуропалық кеңестің төрағасы Чарльз Мишель мен Франция президенті Эммануэль Макрон Брюссельде Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев арасында келіссөздер ұйымдастырды.

3 қазанда Вашингтон мен Брюссельдің бастамасымен Армения мен Әзірбайжанның сыртқы істер министрлері Женевада кездесіп, болашақ Бейбітшілік келісімінің мәтінімен жұмыс істей бастады.

Еуропалық одақ атысты тоқтату режимінің бұзылуын бақылау үшін Арменияға "ЕО азаматтық миссиясын" жібергенін жариялады.

Әзірбайжанның негізгі одақтасы болып табылатын Түркия да қақтығысты шешуге белсенді күш салуда. Жақында оның президенті Режеп Тайып Ердоған Прагада Әлиев пен Пашинянмен кездесті.