Арменияда премьер-министрді сайлау 8 мамырда өтеді

0
1 053

1 мамырда заң шығарушы орган оппозиция лидері Никол Пашинянның премьер-министр болуына қарсы дауыс берді.


Арменияда премьер-министрді сайлау 8 мамырда өтеді

Әзірге жаңа үміткерлердің аты-жөні белгісіз. Парламентте көпшілік орынға ие Республикалық партия депутаттардың үштен бірі ұсынатын кандидатқа дауыс беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ centralasian.org сайтына сілтеме жасап.

Ереванда наразылық акциясы қайта жалғасқаннан кейін, сәрсенбі күні парламент отырысы өтпей қалған. Депутаттардың көбі жолдардың жабық болуына байланысты парламент ғимаратына кіре алмаған.

1 мамырда заң шығарушы орган оппозиция лидері Никол Пашинянның премьер-министр болуына қарсы дауыс берді. Осыдан кейін ол халықты қайта көшеге шығуға үгіттеді.

Пашинян жақтастарын күш көрсетпей, заң аясында, бейбіт түрде наразылық білдіруге шақырған.