Арменияда төрт күннен бері халық Саргсянды премьер-министрлікке ұсынуға қарсылық білдіріп жатыр (видео)

0
1 182

Соңғы төрт күннен бері мыңдаған демонстрант Саргсянға қарсы көшеге шықты. Олар Ереван орталығындағы көшені жауып тастады. Наразылық шарасын ұйымдастырушы Николай Пашинян халықты жаппай көшеге шығуға шақырып жатыр.


 Арменияда төрт күннен бері халық Саргсянды премьер-министрлікке ұсынуға қарсылық білдіріп жатыр (видео)

фото: centralasian.org

Арменияның басқарушы Республикалық партиясы мен Армян революциялық федерациясы фракциясы 16 сәуірде бірауыздан елдің премьер-министрлігіне Саргсянның кандидатурасын мақұлдады,-деп хабарлайды centralasian.org.

Парламент бұл мәселеге қатысты 17 сәуірде дауыс беру керек.

Соңғы төрт күннен бері мыңдаған демонстрант Саргсянға қарсы көшеге шықты. Олар Ереван орталығындағы көшені жауып тастады. Наразылық шарасын ұйымдастырушы Николай Пашинян халықты жаппай көшеге шығуға шақырып жатыр.

"Арменияда өрескел жағдай болып жатыр: бір адам үшінші рет ел лидері болғысы келеді. Біз бұған жол бермеуіміз тиіс", – деді Civil Contract оппозициялық тобының басшысы Пашинян.

"Армения азаматтарына еркіндік беретін кез келді. Шағын ыңғайсыздық арқылы біз сіздерді Серж Саргсян тудыратын үлкен ыңғайсыздықтан құтқарғымыз келеді", – деді Пашинян мегафон арқылы.