Ару өзін тастап кеткен жігіттің есігіне бір тонна пияз жеткізді

0
814

Сәлемдеме хатта: қыз жас жігітпен айырылысқанда қатты жылағанын, ендігі кезек жігітке келгендігін жазған.


Ару өзін тастап кеткен жігіттің есігіне бір тонна пияз жеткізді

ERNUR.KZ. Қытайдың Шаньдун провинциясында қыз бұрынғы жігітінен кек алу үшін айла тапты, деп жазады Stan.kz.

Ол жігіт үшін бір тонна пиязға тапсырыс берген. Қыздың жоспарды егжей-тегжейлі ойластыруы үшін уақыты көп болған: өйткені олардың айырылысқандарына бір жыл өткен.

Тапсырысты рәсімдеу кезінде қыз нақты шартты көрсеткен: курьер адресаттан тауарды қабылдамауға немесе оны қайтаруға құқылы болмаған.

Курьер пиязды жүк көлігінен жігіттің үйіне бірнеше сағат бойы тасуға мәжбүр болды. Сәлемдеме хатта: қыз жас жігітпен айырылысқанда қатты жылағанын, ендігі кезек жігітке келгендігін жазған.

Жас жігіт болса, көз жасын төкпей, пиязды сатып, ол үшін 1000 юань (шамамен 140 доллар) тапты.

Жігіттің көршілері де қыздың кек алуына наразы болды, өйткені кіреберісте пияздың иісі тарап кетті.