АҚШ Иранға қарсы санкциясын кеңейтті

0
1 056

8 мамырда АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың Иранмен жасалған ядролық келісімінен шыққанын жариялаған. Сонымен қатар ол келісім аясында тоқтаған санкциялардың Иранға қайта салынуы мүмкін екенін ескерткен.


АҚШ Иранға қарсы санкциясын кеңейтті

ҚШ Иранға салған санкцияларын кеңейтті. Бұған қатысты құжат АҚШ Қаржы министрлігінің сайтында жарияланды.

Санкция тізіміне Ислам революциясы сақшыларының корпусына (Иран қарулы күштеріндегі элиталық бөлім) қатысы бар алты адам және үш компания енгізілді.

8 мамырда АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың Иранмен жасалған ядролық келісімінен шыққанын жариялаған. Сонымен қатар ол келісім аясында тоқтаған санкциялардың Иранға қайта салынуы мүмкін екенін ескерткен.

2015 жылы АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Қытай, Ресей және Францияның Иранмен қол қойған келісім Тегеранның ядролық бағдарламасын доғарып, АҚШ пен Еуропа Одағының Иранға салған санкцияларын тоқтатуды қарастырады.