АҚШ сенатының барлау комитеті: Ресей Трампқа көмектеспек болды

0
1 152

Мәлімдемеде комитет өкілдерінің ақпарат көздері мен талдау жұмыстарын зерттеуге 14 ай жұмсағаны және АҚШ-тың барлау қызмет өкілдерінің қорытындыларына қарсы дәйек таппағаны атап көрсетілген.


АҚШ сенатының барлау комитеті: Ресей Трампқа көмектеспек болды

АҚШ сенатының барлау істері комитетінің төрғасы Ричард Берр (оң жақта) және сенатор-демократ Марк Уорнер (сол жақта)

АҚШ сенатының барлау істері бойынша комитеті арнайы қызмет өкілдерінің “Ресей 2016 жылы президент сайлауына араласты” деген қорытындысымен келісті. Бұл турасында комитет төрағасының мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ Азаттық Радиосына сілтеме жасап.

Мәлімдемеде комитет өкілдерінің ақпарат көздері мен талдау жұмыстарын зерттеуге 14 ай жұмсағаны және АҚШ-тың барлау қызмет өкілдерінің қорытындыларына қарсы дәйек таппағаны атап көрсетілген.

Мәлімдемеде президент Владимир Путин бұйрығымен Ресейдің Дональд Трампқа көмектесіп, Хиллари Клинтонға зиян тигізу мақсатында ауқымды түрде қатты күш салғаны баяндалған.

2017 жылы қаңтар айында жарияланған баяндамада АҚШ-тың арнайы қызметі Ресей хакерлікпен және үгіт-насихат жүргізумен айналысып, 2016 жылғы дауыс беруге әсер етпек болды деген қорытынды жасаған еді. Мәскеу мұндай айыпты бірнеше мәрте жоққа шығарған.

АҚШ сенатының барлау істері бойынша комитеті төрағасының мәлімдемесінің алдында - сәуір айында республикашылдар АҚШ конгресінің палата өкілдерінің барлау комитетінде баяндама жасап, Ресейдің АҚШ қоғамына іріткі салу мақсатында кибершабуыл мен сайттарды бұзу сияқты тәсілдерді қолданғаны, әйткенмен мұндай әрекеттер ұзақ уақыт бойы жалғасып келе жатқанын айтқан. Осылайша Ресейдің сайлау қорытындысына әсер етуі мүмкін емес деп қорытынды жасаған еді.

Республикашылдар баяндамада сонымен бірге АҚШ-тың барлау қызметін сынап, Мәскеу Трампқа демократ қарсыласын жеңу үшін көмектесті ме деген сұраққа жауап табуда озық тәсілдер қолданбағанын атап көрсеткен. Палата өкілдерінің комитеті Трамп немесе оның командасы Ресеймен уағдаласты деген көзқарасқа дәлелдер таппаған.