АҚШ танктері Ресей шекарасына жақындады

0
1 322

Польшалық интернет басылымының мәліметінше, еуропалық құрлыққа шамамен 3500-ден 4000-ға дейін америкалық әскер аттандырылған. Бригадада шамамен 90-ға жуық "Абрамс" танктері, 140-қа жуық БТР мен "Брэдли" БМП және 18 өздігінен қозғалатын М109 "Паладин" артилериялық қаруы бар.


АҚШ танктері Ресей шекарасына жақындады

Америка Құрама Штаттар Atlantic Resolve операциясы барысында броньды танктерді Техастан Еуропаға жіберді, - деп хабарлайды tengrinews.kz.

Twitter желісінде жарияланған суреттер мен видеода пойызға тиелген танктер бейнеленгені және Польшаға жөнелітілгені айтылады. Польшалық интернет басылымының мәліметінше, еуропалық құрлыққа шамамен 3500-ден 4000-ға дейін америкалық әскер аттандырылған. Бригадада шамамен 90-ға жуық "Абрамс" танктері, 140-қа жуық БТР мен "Брэдли" БМП және 18 өздігінен қозғалатын М109 "Паладин" артилериялық қаруы бар. Atlantic Resolve операциясы ресейлік шекараға жақын маңда және еуропалық бірнеше елге жібертілген, олар НАТО әскери күшін қамтамасыз ететін болады. Бұл 2014 жылдың сәуірінен Қырым референдумынан кейін басталды, оның нәтижесінде жартылай арал Ресей шекарасына қосылған еді. Америкалық әскерилер 3 маусымда басталатын екікүндік Saber Strike-18 жаттығуларына қатысады. Шараның ашылу және жабылу салтанаты Латвияда өтеді.