АҚШ-тың антиресейлік санкцияларыннан қазақстандық банктер 64 млрд. теңге жоғалтты

0
1 277

АҚШ антиресейлік санкцияны енгізгенін хабарлаған соң, қазақстандық 3 банктың капиталы 4,8%-ға немесе 64 миллиард теңгеге қысқарды. Бұл долларға шаққанда 195 миллион АҚШ доллары. Halyk Bank акциясы 3,8% -ға құлдырады, Банк Центр Кредит акциялары 2,6% - ға төмендесе, «Астана» банкінің құнды қағаздары 2,1%-ға құнсызданған.

АҚШ-тың қаржы министрлігі Ресейге салған санкциялары рубльдің құлдырауына әсерін тигізді. Бұл өз кезегінде қазақстандық банктердің 64 млрд. теңге жоғалтуына әкеп соқтырған, деп хабарлайды ERNUR.KZ «Астана» арнасына сілтеме жасап.

АҚШ антиресейлік санкцияны енгізгенін хабарлаған соң, қазақстандық 3 банктың капиталы 4,8%-ға немесе 64 миллиард теңгеге қысқарды. Бұл долларға шаққанда 195 миллион АҚШ доллары. Halyk Bank акциясы 3,8% -ға құлдырады, Банк Центр Кредит акциялары 2,6% - ға төмендесе, «Астана» банкінің құнды қағаздары 2,1%-ға құнсызданған.

Қазақстандағы тауарөндірушілер бірлестігінің президенті Николай Радостовецтің сөзінше, енді Ресейге тауар экспорттайтын қазақстандық кәсіпкерлерге өнімдерін өткізетін өзге нарық іздестіруге тура келеді