​Ашулы топ қыз зорлаған қылмыскерді тірідей қолтырауындарға тастады

0
1 745

Ашулы топ қыз зорлаған қылмыскерді тірідей қолтырауындар қамаулы тұрған торға тастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Ашулы топ қыз зорлаған қылмыскерді тірідей қолтырауындарға тастады

иллюстрациялық фото: classpic.ru

Ашулы топ қыз зорлаған қылмыскерді тірідей қолтырауындар қамаулы тұрған торға тастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ 360tv.ru-ға сілтеме жасап.

Мексиканың Оахака қаласындағы жергілікті басылымдардың бірінің келтірген мәліметі бойынша, қала тұрғыны 20 жасар жігіттен зорлық көрген. Полицейлер күдіктіні тез арада қолға түсіріп, заңды жаза алудың орынан жергілікті «Линч соты» алдында жауап берді.

Зорлық құрбаны болған қыздың туыстары мен таныстары 50 шақты адамды жинап күдікті отырған жерге келген. Жаппай тәртіпсіздік салдарынан қауіптенген полицейлер күдіктіні «босатып» жібереді. Оған тарпа бас салған ашулы топ ұрып-соғып, тірі қолтырауындар қамалған торға тастайды.

Полицейлер дер кезінде жетіп, өлуге шақ қалған қылмыскерді қолтырауындар аузынан арашалап алып қалған. Соңынан қыз зорлаған күдікті ауруханаға жеткізілген.