"Ата-анасы көз жұмған": 6 жасар қыз бір күнде екі жол апатынан аман қалды

0
810

Екі жол апатынан аман қалған қыз ауруханаға жеткізілген.


ERNUR.KZ. Алты жасар ресейлік қыз бір күнде екі апаттан аман қалды, деп жазады Stan.kz.

Киров облысы бойынша ГИБДД басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, сенбі күні сағат 9.00 - де Мурашин ауданындағы "Вятка" федералдық автожолының 471-ші шақырымында Nissan автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, камазға тап болған.

Оқиға салдарынан жүргізуші мен оның жолаушысы оқиға орнында көз жұмып, олардың алты жасар қызы жарақат алған. Жедел жәрдеммен қызды ауруханаға жікізген.

"11 сағат шамасында Киров қаласындағы Дзержинский көшесінде апат кезінде тірі қалған баланы алып келе жатқан жедел жәрдемнің қиылысында Ford Fusion автокөлігімен соқтығысқан. Жедел жәрдем жарық және дыбыс сигнализациясы қосылған бағдаршамның тыйым салынған сигналына жол қиылысынан өтіп кеткен. Қақтығыс салдарынан жедел жәрдем аударылып қалған. Алайда, алдын ала мәліметтер бойынша, ешкім зардап шеккен жоқ", - деді аймақтық ЖИБД.

Қыз баланы ауруханаға жеткізді.