Атакама шөлі әлемдік қоқыс алаңына айналып барады

0
758

Шөл далада Еуропа, Азия және АҚШ-та сатылмай қалған мыңдаған тонна киім, "дөңгелегімен қоса шіріп жатқан" ескі көліктер бар.


Атакама шөлі әлемдік қоқыс алаңына айналып барады

ERNUR.KZ. Чили аумағында орналасқан Атакама шөлі жаһандық қоқыс аймағына айналды. Атакама аумағында ондаған мың тонна қоқыс жатыр. Сарапшылар пікірінше, ондағы қоқыстың ыдырауына жүз жылдан аса уақыт керек болады, деп жазады tengrinews.kz.

Шөл далада Еуропа, Азия және АҚШ-та сатылмай қалған мыңдаған тонна киім, "дөңгелегімен қоса шіріп жатқан" ескі көліктер бар. Олардың бір бөлігі Перу, Парагвай және Боливияға экспортталған, бірақ көліктердің көпшілігі шөлде жатыр.



Шөл топырағы көптеген сирек кездесетін өсімдіктер мен бактериялардың мекені. Экологтар қоқыстардың жиналуы қоршаған ортаға кері әсерін тигізіп, аймақтағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің қырылуына әкеп соғады деп алаңдаулы.