Атақты актер түсірілім кезінде байқаусызда адам өлтіріп алды

0
879

Түсірілім алаңында қаза болған оператор Галина Хатчинс Украинада туып өскен.


Атақты актер түсірілім кезінде байқаусызда адам өлтіріп алды

ERNUR.KZ. Актер Алек Болдуин Нью-Мексикода түсірілім кезінде операторға оқ атты, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға Санта-Фе маңында, басты рөлде Алек Болдуин ойнайтын фильмді түсіру кезінде болған. Актерлер оқ атуы керек сәтте, қару бос емес, әскери оқтармен оқталғаны белгілі болған.

Фильм режиссері иық сүйегінен жарақат алған, қазір ауыр жағдайда жатыр. Ал 42 жастағы оператор Глина Хатчинс ауыр жарақат алып, Альбукерке ауруханасына жеткізілген. Бірақ дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған.

"Шериф кеңсесі қару-жарақтан оқ атқан Алек Болдуин екенін растайды", - делінген Санта-Фе округі шерифінің хабарламасында.

Санта-Фе округіндегі шериф кеңсесінің өкілі Хуан Риос Болдуинге әлі ешқандай айып тағылмағанын айтты.

Түсірілім алаңында қаза болған оператор Галина Хатчинс Украинада туып өскен.

Деректерге сүйенсек, әйел Киев университетінің халықаралық журналистика факультетін бітірген, содан кейін ол тергеуші журналист ретінде ұлыбританиялық кинорежиссерлермен жұмыс жасаған. Кейінгі жылдары Хатчинс Лос-Анджелесте тұрған.