Атамбаев уақытша ұстау абақтысында: адвокаты қанша мерзімге қамалғанын айтты

0
850

​Қырғызстанның бұрынғы президенті 8 тамызда арнайы операция кезінде ұсталды.


Атамбаев уақытша ұстау абақтысында: адвокаты қанша мерзімге қамалғанын айтты

ERNUR.KZ. Қырғызстанның бұрынғы мемлекет басшысы Алмазбек Атамбаев Первомайский аудандық сотының шешімімен уақытша ұстау абақтысына 26 тамызға дейін қамауға алынды, деп жазады sputniknews.kz.

Атамбаев 8 тамызда арнайы операция кезінде ұсталған еді.

Заңгердің айтуынша, экс-президент Қырғызстанның Қылмыстық кодексінің 319-бабын (Жемқорлық) бұзды деген күдікке ілінгені туралы ІІМ хабар берген.

Әзірге ведомство ешқандай түсініктеме айтқан жоқ.

7 тамызда Қырғызстанның Кой-Таш ауылында арнайы жасақ Атамбаевты ұстау операциясын жүзеге асырмақ болды. Алайда бұрынғы мемлекет басшысының жақтастары оларға тойтарыс берді.

Ал 8 тамызда құқыққорғаушылар тағы операция бастап, 19.30-да Атамбаевты ұстады. Кейінірек наразылық білдірушілер күшпен тарқатылды. Соңғы деректерге сүйенсек, екі күндік қақтығыс салдарынан 85 адам зардап шеккен, арнайы жасақтың бір сарбазы оқ жарақатынан көз жұмды.