Ауа ластанған: Үндістандағы мектептер жабылды

0
1 421

Үндістан астанасы Нью-Дели қаласындағы мектептер 5 қарашаға дейін жабылады.


Ауа ластанған: Үндістандағы мектептер жабылды

ERNUR.KZ. Бұған ауадағы зиянды газдардың шамадан тыс көп болуы себеп, деп жазады Atameken Business.

Тұрғындардың айтуынша, қаланы соңғы 3 күннен бері түтін тұмшалап алған.

Ал смогтың жайылуына жақын маңдағы фермадағы өрт себеп. Жергілікті билік осы орайда мектептерді жабу туралы шешім қабылдады.

25 қазанда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комиссия ауаның ластануына байланысты төтенше жағдай жариялаған еді.

«Бұл қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай. Ауа құрамындағы химиялық заттардың мөлшері шамадан тыс көбейіп кетті. Оның денсаулыққа тигізер зияны көп, әсіресе кішкентай балаларды уақытша үйден шығармау керек. Ресми дерек бойынша, шаһардағы ауа ластануының деңгейі 500-ге жеткен.

«Бұл соңғы жылдардағы ең жоғарғы көрсеткіш», - дейді мамандар.