​Ауада қалқып отырған «сиқыршының» құпиясы ашылып, масқара болды (видео)

0
1 663

Онысын байқатпау үшін етегімен жауып алған.


​Ауада қалқып отырған «сиқыршының» құпиясы ашылып, масқара болды (видео)

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желі арқылы тараған бейнежазбадағы «сиқыршының» құпиясы ашылып, көптің ортасында масқара болды.

Бейнежазба шетелдердің бірінде жазылған. Шетелдік саяхатшылар көп жиналатын жер болуы керек, әртілді адамдардың дауысы естіледі. Онда көшеде сиқыр көрсетіп, бір таяққа сүйеніп ауада қалқып отырған адамға көпшілік басында тәнті болады.

Бірақ оның бұл сиқырына сенбегендер «зерттеу» жасап көріп, онық бар құпиясын ашып қояды. Көпті таңғалдырып ақша жинап отырған ол қолындағы таяғына кішігірім орындықты бекітіп алған көрінеді. Онысын байқатпау үшін етегімен жауып алған.

«Сиқыршының» құпиясын ашқанына басқалар разы болып шапалақ ұрса, өзі ашуланып «полиция шақырам» деп қорқытады.

Ескерту! Бейнежазбада бейәдеп сөздер кездеседі!

Видео әлеуметтік желіден алынды