Әуе компаниялары Иранның әуе кеңістігін пайдаланбайтын болды

0
603

Оған аймақтағы шиеленіс түрткі болып отыр.


Әуе компаниялары Иранның әуе кеңістігін пайдаланбайтын болды

ERNUR.KZ. Singapore Airlines, China Airlines және Malaysia Airlines әуе компаниялары Иранның әуе кеңістігін пайдаланбайтын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған аймақтағы шиеленіс түрткі болып отыр. Ресми мәлімдеме жасаған Singapore Airlines оқиғаны жіті бақылауда ұстап отырғандарын айтып, қажет болған жағдайда ұшақ бағыттарына тиісті өзгерістер енгізетіндерін жеткізді. Ал Тайваньнің ең ірі әуе тасымалдаушы компаниясы саналатын China Airlines Ирак пен Иран әуе кеңістігімен ұшпайтындарын мәлімдеді. Бұған қоса, АҚШ-тың федералды авиация әкімшілігі де америкалық әуе тасымалдаушы компанияларына Иран мен Ирак және Парсы мен Оман шығанақтары үстімен ұшуға тыйым салды.