Ауғанстанда министрліктің жанында жарылыс болды

0
681

Жапа шеккендердің арасында балалар бар.


Ауғанстанда министрліктің жанында жарылыс болды
ERNUR.KZ. Ауғанстанның ішкі істер министрлігінің жанында жарылыс болып, 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».Тағы 10 тұрғын жарақат алды. Жапа шеккендердің арасында балалар бар. Террорлық әрекет жергілікті уақытпен таңғы 7 жарым шамасында болды. Әзірге оны қандай қарулы топ ұйымдастырғаны белгісіз. Қазір содырлар іздестіріліп жатыр.