​Ауғанстанда жарылыс болып, 12 адам қаза тапты

0
591

Өзін құрбандыққа шалған адам көлікке жарылғыш зат салып әкелген.


​Ауғанстанда жарылыс болып, 12 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Ауғанстанның батысындағы Чагчаран қаласында полиция басқармасы маңында жарылыс болды. Салдарынан 12 адам қаза тауып, 100-ден астамы жарақат алған, деп жазады baq.kz.

Алдын ала болжам бойынша өзін құрбандыққа шалған адам көлікке жарылғыш зат салып әкелген. Жарылыс жексенбі күні жергілікті уақытпен 11.15 шамасында болған.

Провинцияның полиция басқармасы, әйелдер ісі жөніндегі басқарма ғимараты және басқа да нысандар мен көлік құралдары жарылыстан бүлінген.

Қзаіргі кезде қауіпсіздік күштері жарылыс болған жерді қоршауға алған.