Ауғанстанның экс-президенті елден қазақстандық компанияның ұшағымен қашқан – ресейлік БАҚ

0
550

​Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Ғани биыл тамызда елден қашып кеткен болатын.


Ауғанстанның экс-президенті елден қазақстандық компанияның ұшағымен қашқан – ресейлік БАҚ

ERNUR.KZ Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Ғани тамызда Өзбекстан аумағы арқылы елден қашып, БАӘ-ге қазақстандық әуе компаниясының лайнерімен ұшып кеткен, деп жазады Azattyq Rýhy

Ресейлік БАҚ-қа бұл ақпаратты Ғанимен бірге Ауғанстаннан қашқан тұлғалардың бірі айтып берген. Оның сөзінше, 15 тамызда бірнеше адам президент сарайынан арнайы дайындалған тікұшақтармен ұшып шыққан.

«Термезден Өзбекстанға барған 54 адамның 22-сі ұшқыштар, екінші ұшқыштар және әуе күштерінің техниктері болды. Тағы 22-сі президенттің оққағарлары. Ешбір адамда өзімен бірге паспорты болған жоқ», - деді ол.

Өзбекстанда Ғани мен оның жақтастары бір тәуліктен астам уақыт болған. Олар осы елге келген әрбір ауған азаматын бақылап, бір-бірімен сөйлесуге тыйым салған.

16 тамызда экс-президент пен оның серіктері ешқандай белгісі жоқ ұшақпен БАӘ-ге ұшып кеткен. FlightRadar порталының мәліметінше, аталған ұшақ Қазақстанның әуе компаниясына тиесілі болған.

«Ұшаққа мінгенде біз 28 сағаттан кейін алғаш рет тамақ пен су іштік», - деп мәлімдеген ауғанстандық дереккөз Ресей тілшілеріне.

Еске салайық, тамыз айының басында «Талибан» (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) қозғалысының өкілдері Ауғанстан билігін басып алған болатын.