Баскетболшылар ойын үстінде жаппай төбелесті (видео)

0
2 330

Аустралияның үш ойыншысы шеттелді


Баскетболшылар ойын үстінде жаппай төбелесті  (видео)

ERNUR.KZ. Eurohoops Халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA) Филиппин мен Аустралия командаларының 13 ойыншысын 2019 жылғы Әлем кубогының іріктеу турнирінде жаппай төбелескені үшін шеттетті, - деп жазады tengrinews.kz.

2 шілдеде Филиппинде өткен кездесу ойын аяқталар тұста үзілді. Аустралия ойыншысы Дэниэл Кикерт қарсыласын ұрып, жанжал жаппай төбелеске ұласқан. Біраз уақыттан кейін ойын жалғасты. Алайда 13 ойыншы шеттелген соң алаңда үш филиппиндік баскетболшы, бес аустралиялыққа қарсы ойнады. Бірнеше минуттан соң филлипиндіктерден бір ғана ойыншы қалып, матч аяқталды. Есеп 89:53 Аустралия құрамасының пайдасымен аяқталды.

Аустралияның үш ойыншысы шеттелді (Кикерт бес ойынға) шеттелді. Ұлттық федерацияға 100 мың франк айыппұл салынды. Ойынға төрелік еткендер бір жыл FIBA қамқорлығымен өтетін ойынға қатыспайды.

FIBA он филиппиндікті шеттетті, ең үлкен жаза Кэлвин Абуэвада (алты ойыннан шеттелді). Команданың бас бапкері Винсент Рейес бір матчке шеттетіліп, 10 мың швейцар франкі көлемінде айыппұл төлейді. Ал оның көмекшісі Джозеф Уйчико үш ойынға шеттетілді. Елдің баскетбол федерациясына 250 мың франк айыппұл салынды, ал ұлттық команда келесі ойынды көрерменсіз өткізеді. Сонымен қатар, оларға сынақ мерзімі тағайындалды.