Австралияда көлемі тауықтың жұмыртқасындай бұршақ жауды

0
986

Табиғи апаттың салдарынан үйлер мен көліктер зақымданған.


Австралияда көлемі тауықтың жұмыртқасындай бұршақ жауды

ERNUR.KZ. Австралияның Квинсленд елді мекенінде көлемі тауықтың жұмыртқасындай бұршақ жауған, деп жазады baq.kz.

Бұршақтың көлемі 6 см болған. Оның үстіне қатты жел соққан. Дабылды ескерту Гимпи қаласының аумағы мен Брисбеннің оңтүсітігіне дейін жарияланған.

Табиғи апаттың салдарынан үйлер мен көліктер зақымданған. Квинслендтің оңтүстік-шығысында шамамен 23 000 үй жарықсыз қалған.