Австралияда орман өрті Сиднейге жақындады

0
686

Австралияда орман өрті жаз айынан жалғасып келеді.


Австралияда орман өрті Сиднейге жақындады

ERNUR.KZ. Австралияда орман өрті ел астанасы Сиднейге жақындады. Осыған байланысты өрт сөндірушілер тұрғындардан қауіпті аймақты тастап көшуге шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тілсіз жау мұхит жағалауында тұрған қаланы штаттың қалған бөлігінен оқшаулап тастаған. Өртпен 3 мыңнан астам маман күресуде. Бірақ елдегі 40 градустық аптап ыстық пен жел жалынды сөндіруге мүмкіндік бермей отыр. Ал синоптиктер әлі 2 айдай жауын-шашын болмайтынын айтады.

Еске сала кетейік, Австралияда орман өрті жаз айынан жалғасып келеді. Қазірге дейін 1 миллион гектардан астам алқап жанып, 700-ден астам үй өртеніп кетті.