Австралияда орман өртінен тағы бір адам көз жұмды

0
1 053

Бүгінгі күнге дейін өрттен қаза тапқандардың саны 4-ке жетті.


Австралияда орман өртінен тағы бір адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Австралияның солтүстік-шығысындағы орман өрті әлі жалғасып жатыр. Табиғат апатынан тағы бір адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, өрттен қаза тапқандардың саны 4-ке жетті. Жалпы Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында 61 өрт ошағы тіркелген. Мамандар олардың 35-ін сөндіре алған. Лаулаған жалынмен 800-ден астам адам күресіп, жүздеген техника қолданылуда. Бірақ ауа райының қолайсыздығы көп кедергі келтіруде. Билік штаттың солтүстігіндегі 8 мекеннің тұрғындарын эвакуациялау туралы шешім қабылдады.