Австралиялық палуан 1500 тонналық әткеншекті айналдырды (видео)

0
799

Тоқпен қозғалатын әткеншекті айналдыру үшін Мюльнер бірнеше айлар бойы 400 келе болатын затты көтеріп дайындалған.


Австралиялық палуан 1500 тонналық әткеншекті айналдырды (видео)

ERNUR.KZ. Бұлшық еті буылтық-буылтық, жауырыны қақпақтай, жұдырығы тоқпақтай австралиялық палуан Франц Мюльнер салмағы 1500 тонналық алып әткеншекті бір өзі айналдырып қалың бұқараны тәнті етті, деп жазады SkіfNews.

Қаланың әсем көрінісін тамашалауға арналған әлемдегі ең үлкен аттракционның 27 кабинасы бар. Тоқпен қозғалатын әткеншекті айналдыру үшін Мюльнер бірнеше айлар бойы 400 келе болатын затты көтеріп дайындалған.

Франц Мюльнер - палуан: Өз өзіңді іштей, психологиялық тұрғыдан жақсылап дайындасаң жетіп жатыр. Мен бұл тарихи сәтке, тарихи сәтті жасауға 110 пайыз дайын болдым. Өйткені бүкіл әлемнің назары менде болды. "Әткеншекті орнынан қозғалта аламын" деген нәрсе санаға ауыр болмаса болды. Ал білекке салмақ түсірмейді.

Мюльнердің бұл еңбегі елеусіз қалмады. Палуанның жетістігін Германияның рекордтар институты бекітті. Рекорд Германияның Мюнхен қаласында орнатылды.