Австрияда қиындыққа тап болған қазақстандық отбасы Қазақстанға депортацияланады

0
948

"Әзірге консул олармен байланыс ұстап отыр"


Австрияда қиындыққа тап болған қазақстандық отбасы Қазақстанға депортацияланады

ERNUR.KZ. Австрияда қиындыққа тап болған, құжатсыз бірнеше жыл тұрған қазақстандық Байделдер отбасы Қазақстанға депортацияланады, деп жазады ҚазАқпарат.

Еске сала кетсек, осы жылдың қыркүйегінде ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Австрияда қиындыққа тап болған қазақстандық отбасыға қатысты пікір білдірген болатын.

«Аталған ақпарат жергілікті БАҚ-та жарияланды. Біздің қолымыздағы мәлімет бойынша Байделдер отбасы Австрияның Ниделрвальдкирхен қаласында шіркеудің жанында 2013 жылдан бері тұрып жатыр. Олар баспана сұраушы мәртебесіндегі отбасы. Тұрақты жұмыс орындары жоқ. Жергілікті әлеуметтік көмекті алып отыр. Австриядағы жергілікті билік оларды елде қалдырудан, баспана беруден бас тартты. Осы оқиғадан кейін отбасының мүшелері мен көршілері, баспана беріп, елде қалдыруды талап етіп, көшеге шыққан. Алайда сол елдің заңы бойынша ол отбасын елде қалдыруға ешқандай негіз жоқ», - деді ол.

Арада екі ай өткеннен кейін Айбек Смадияровтан тілшілер Австриядағы сол отбасының тағдыры не болып жатқанын сұрап көрді.

«Әзірге консул олармен байланыс ұстап отыр. Олар әлі сол Австрияда. Білуімізше, австриялық билік оларды кері депортациялауды көздеп отыр. Себебі, олар сол жақта жұмыс істемей ешқандай құжатсыз бірнеше жыл бойы тұрып жатыр. Сөзсіз, біздің консул қажетті барлық көмекті көрсетеді», - деді ол.