Автобус апатқа ұшырап, 14 адам зардап шекті

0
885

Жол-көлік оқиғасына не себеп болғаны әзірге белгісіз.


Автобус апатқа ұшырап, 14 адам зардап шекті

ERNUR.KZ. Таиландта Lignite Tour компаниясының туристік автобусы апатқа ұшырап, 14 адам зардап шекті. Оның төртеуі ауыр жарақат алды, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға жергілікті уақытпен түнгі 12 шамасында Бангкоктан 400 шақырым жерде орын алған. Белгілі болғандай, зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жатқызылды. Автобус аударылып қалған. Жол-көлік оқиғасына не себеп болғаны әзірге белгісіз.