Автобус жүргізушінің денесі құрысып, рөлді жібере салды – қорқынышты видео

0
1 454

Салонда 19 жолаушы болған, олардың бірі рөлді ұстап, көлікті тоқтатқан.


Автобус жүргізушінің денесі құрысып, рөлді жібере салды – қорқынышты видео

ERNUR.KZ. Қытайда автобус жүргізушісінің ұстамасы ұстап, рөлді еріксіз жібере салғаны видеоға түсіп қалды, деп жазады sputniknews.kz.

Көлік қатты жылдамдықпен келе жатқан. Оқиға 18 наурыз күні Сишуанбаньна-Дай автономды округінде болды. Салондағы бақылау камерасынан жүргізушінің денесі құрысып, автобусты жүргізуге шамасы келмей қалғаны көрінеді.

Салонда 19 жолаушы болған – барлығы дүрліге бастайды, олардың бірі рөлді ұстап, көлікті тоқтатқан.