Автобуста өзгенің жолақысын төлеген бозбала миллионер атанды

0
893

Бала олардың отбасында бір-біріне "қамқорлық жасау" әдетке айналғанын айтқан.


Автобуста өзгенің жолақысын төлеген бозбала миллионер атанды

ERNUR.KZ. Ресейдің Камен-обба қаласындағы оқушы бала автобуста балалы әйелдің жолақысын төлеп, аяқ астынан мол олжаға кеңелді, деп жазады Skifnews.kz.

Санкт-Петербург қаласының тұрғыны Наталья Мишина үш жасар ұлын ертіп, ата-анасын жаңа жылымен құттықтауға бара жатқан екен. Әйелдің айтуынша, қалада ойын-сауық орталықтары аз болғандықтан, ұлын автобуспен қыдыртпақ болған.

«Автобуста баламен жүрген қиын, сен жолақы төлеп болғанша, жүргізуші қоймай сұрай береді. Мен ұлымды отырғызып, лезде ақша төлеуге бардым. Сол мезетте жүргізуші біз үшін жас баланың төлегенін айтты», - деп еске алады Наталья.

Бозбала біздің жанымызда отырды, таныса келе, есімі Ваня екенін, оның анасымен бірге тұратынын және әкесі жоқ екенін білдім. Ол жол ақысын төлегенін айтты, өйткені олардың отбасында бір-біріне «қамқорлық жасау» әдетке айналған.

Осы оқиғадан соң Наталья өзінің таныстары арқылы баланың фамилиясын анықтап, ұлдың анасына алғыс айту үшін жемістер мен печенье алып үйіне барды. Баланың анасы Ваняның сурет салғанды жақсы көретінін айтты, бірақ жөндеу жұмыстарына байланысты өнер мектебіне артылған ақша жоқ екен.

Сол мезетте әйел Instagram-парақшасына оқырмандарынан Ваняның өнер мектебіне баруына ақшалай көмек сұрап, Татьянаның банк картасының нөмірін жазып, пост жжариялауға рұқсат сұрады. Бір күн ішінде баланың анасының банк картасына бір жарым миллион рубль (9,2 миллион теңге) түсті.

Күні бойы телефонға келген хаттар саны толастамады. Бірінен соң бірі келіп жатыр. Мен қатты таңданыста болдым. Кенеттен Татьянаның картама млн рубль сомасында ақша аударғанын көріп, өңім мен түсмді ажырата алмай қалдым», - деп таңданысын жасырмады қамқор баланың анасы.

Ваня бәрі оған не үшін алғыс айтып жатқанын түсінбей дал. Ол «Анашым, мен сонша не істеп қойдым? Жай жолақысын өтеп бердім ғой», - дейді балақай таңырқап.

Отбасы ақшаны жібергендердің барлығына ризашылық білдіріп, оны пайдалы нәрсеге жұмсауға уәде берді. Біріншіден, үй шаруашылығында жөндеу жұмыстары аяқталады. Анасы, сонымен қатар, Барнаулдан немесе Новосибирскіден баласына пәтер сатып алуды ойластырып жүр.