​Автотиегіш жүргізушісі бір топ адамды қағып кетті

0
1 456

Оқиға Астана уақытымен 10:20 шамасында Янтай қаласында болды.


​Автотиегіш жүргізушісі бір топ адамды қағып кетті

ERNUR.KZ.Қытайда автотиегіш айдаған жүргізуші бір топ адамды қағып кетті. Салдарынан бір адам қаза болып, 10-нан аса адам зардап шекті, - деп хабарлайды tengrinews.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Астана уақытымен 10:20 шамасында Янтай қаласында болды. Жифу ауданындағы қоғамдық көліктің соңғы станцияларының бірінің маңында жүк тиеу машинасы адамдарды қағып кеткен. Салдарынан бір адам оқиға орнында мерт болып, 10-нан аса адам түрлі жарақат алған. Жақын арада орналасқан көліктерге де зақым тиген.

"Қақтығысты тоқтату сәтсіз аяқталғаннан кейін, полиция қызметкерлері күдіктіні атуға тура келді", - делінген хабарламада.

Алған жарақатынан жүргізуші қаза тапты. Күдікті Хэйлунцзян провинциясының 45 жастағы тұрғыны болып шықты. Әзірше оның бұл әрекетке баруының себебі белгісіз, қазір тергеу жүріп жатыр.