Қазақ студенті үнді сериалдарында ойнап жүр

0
1 649

Үндістанда оқитын қазақ студенті үнді сериалдарына түсіп, қосымша табыс тауып жүргенін айтады деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақ студенті үнді сериалдарында ойнап жүр

Үндістанда оқитын қазақ студенті үнді сериалдарына түсіп, қосымша табыс тауып жүргенін айтады деп хабарлайды ERNUR.KZ Азаттық радиосына сілтеме жасап.

27 жастағы қарағандылық студент Төрегелді Төлеубай Үндістанның Хайдарабад қаласындағы Осман университетінде “бизнес әкімшілік” мамандығы бойынша оқып жүр. Қарағандыдағы қазақ-түрік лицейінің түлегі Үндістанға оқу құны арзан болғандықтан келген.

- Қазақстанға қарағанда мұнда оқу құны әлдеқайда арзанырақ. Мәселен, өзім оқитын мамандыққа биыл 350 АҚШ долларын төледім. Доллар құны өссе, сәл қымбатырақ болады. Бірақ бәрібір 350-450 доллар арасында шығады. Бұл жақта бір доллар – алты рупий. Сол себепті мен Үндістанды таңдадым, - дейді Төрегелді Төлеубай.

Студенттің айтуынша, оқу құнының арзандығына қарамастан Үндістандағы білім жүйесі батыс стандарттарына ұқсас келеді. Қазақстандағыдай емес, мұнда студенттердің өздігінен ізденуіне көп көңіл бөлінеді.

"ҮНДІ СЕРИАЛДАРЫ - ҚОСЫМША ТАБЫС КӨЗІ"

Хайдарабадта бірнеше жыл тұрып, мұндағы тіршілікке үйренген Төрегелді Төлеубай қосымша қаражат табу үшін кейде үнді сериалдарының “массовкаларына” түсіп тұрады екен. Таңғы сағат 9-дан кешкі 6-ға дейін созылатын мұндай түсірілімге ұйымдастырушылар 1500 рупий немесе 15-20 доллар төлейді. Студенттің айтуынша, бұл көп ақша емес, бірақ пәтерақы сияқты шығындарды жабуға жарап тұр.

- Мысалы, екі бөлмелі пәтерге айына 100 доллар немесе 6400 рупий төлеймін. Жарыққа қосымша 800 рупий төлеймін. Ал су – тегін. Кішкентай газ баллондарын да аламыз. Егер айына екі-үш рет массовкаға барғаннын өзінде пәтерге, жарыққа, газ баллондарын алуға ақша жинап аламын, - дейді Төрегелді Төлеубай. Қазақ студенті үнді сериалдарында түрлі "массовка" рөлдерді ойнай беретінін айтады.

- Кейде қытайларды, кейде оператор, кейде күзетші сияқты әртүрлі рөлдерді ойнап шығамыз. Түскен фильмдер санын санаған жоқпын. Өте көп. Жалпы, мұнда жұмыс табу қиын. Себебі адамдар көп, жұмысқа жергілікті тұрғындарды ғана алады. Сондықтан ТМД студенттері үшін бұл - қосымша қаражат табу көзі, - дейді ол.

Оқуын тәмамдауға аз қалған Төрегелді Төлеубай диплом алған соң Қазақстанға қайта оралатынын айтады.