Әзербайжанда көшеде бетперде тағып жүру міндеттелді

0
614

​Әзербайжанда коронавирус жұқтырғандар саны өсіп барады.


Әзербайжанда көшеде бетперде тағып жүру міндеттелді

ERNUR.KZ. Күн сайын қауіпті вирус 2 мыңнан аса адам анықталып жатыр. Өлім көрсеткіші де өсіп, күніне 20-дан астам науқас қайтыс болғаны жайында хабарланды, деп жазады 24.kz.

Осыған байланысты үкімет карантин тәртібінің мерзімін ұзартып, санитарлық шараларды күшейтті. Демалыс күндері барлық сауда орындары мен мейрамханалар жабылатын болды.

Тек дәріханалар мен азық-түлік сататын дүкендер жұмыс істейді. Бір айдың ішінде Әзербайжанда коронавирусты жұқтырғандар саны 4 есеге артқан. Сондықтан ел билігі карантин тәртібінің мерзімін 28 желтоқсанға дейін ұзартты.

Сондай-ақ министрлер кабинетінің шешімімен көшеде маска тағу міндеттелді. Бұл ережені бұзғандарға 300 доллар мөлшерінде айыппұл салынады.

"Коронавирус жұқтыру санының күрт артуы өте алаңдатып отыр. Өлім саны да өсіп келеді. Сол себептен жедел штаб кейбір ережелерді қатаңдатуды шешті. Қазіргі кезде ең бастысы халық үнемі бетперде киіп, әлеуметтік арақашықтықты сақтауы керек" дейді Әзербайжан президентінің көмекшісі, Хикмет Гаджиев.

Баку қаласындағы метро тағы да бір айға жұмысын тоқтатты. Ал дәрігерлер халықты коронавирусқа қарсы ережелерді қатаң сақтауға шақырады.

"Егер індет одан әрі өршісе, ауруханалар толып кетіп, медициналық қызметтердің сапасы төмендейді. Коронавируспен ауырғандарды емдеу қолымыздан келеді" дейді жедел штаб өкілі, Ягут Гараева.

Бірақ ең бастысы жаппай жұқтыруға жол бермеу керек. Сондықтан дәрігерлерге қоғамның жәрдемі қажет. Қазіргі тұста екі қала мен сегіз аудан оқшауландырылды. Оларға кірер-шығар жолдарды полиция күзетеді. Жедел штаб өкілдерінің пікірінше, жаңа қабылданған шаралар жағдайды тұрақтандырып, медициналық қызметке түскен ауыртпалықты азайтуға тиіс.