Әзірбайжан әскеріне Сирия мен Ливия содырлары көмекке келді

0
712

Таулы Қарабақтағы шайқасқа қатысу үшін 850 содыр жеткізілген.


Әзірбайжан әскеріне Сирия мен Ливия содырлары көмекке келді

ERNUR.KZ. Таулы Қарабақ қақтығыс аймағына Сирия мен Ливиядан содырлар жөнелтілді. Олар әскери операцияларға тікелей қатысу үшін Әзірбайжан тарапына көмек ретінде жіберілген. Бұл туралы Ұлыбританияда орналасқан Адам құқықтарының сақталуын бақылау жөніндегі сириялық орталық мәлімдеді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Орталықтың мәліметінше, Әзірбайжанға кем дегенде 850 содыр жеткізілген. 29 қыркүйекте Орталық олардың саны 320-ны құрағанын хабарлады, кейін бір тәулік ішінде қақтығыс аймағына тағы 520 адам жеткізілді. Әзірбайжанға жіберген кезде олардың негізгі міндеті жеке нүктелерді қорғау деп аталды, бірақ соңында олар соғыс қимылдарына тартылды.

Оқиғаға Ресей Федерациясы өз көзқарасын білдірді. Ресейдің Сыртқы істер министрлігі мүдделі мемлекеттердің басшылығын «шетелдік террористер мен жалдамалыларды қақтығыста пайдаланбау және оларды аймақтан тез арада шығару үшін тиімді шаралар қабылдауға» шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін Армения шенеуніктері Түркияны Қарабақ қақтығысы аймағында соғыс қимылдарына қатысу үшін Сириядан Әзірбайжанға жүздеген жалдамалы содырларды жіберді деп айыптаған. Арменияның Ресейдегі елшісі Вардан Тоганян Закавказье Республикасына Сирия майданынан 4 мыңға жуық сарбаз келді деп атап өтті. Анкара мен Баку сәйкесінше, Әзірбайжанға содырлардың жөнелтілгенін жоққа шығарды.