​Азиядағы ең ірі қаланың бірі жақында апатқа ұшырауы мүмкін – ғалымдар

0
3 498

Тегеран халқының саны 13 млн адамнан асады.


​Азиядағы ең ірі қаланың бірі жақында апатқа ұшырауы мүмкін – ғалымдар

ERNUR.KZ. Потсдамдағы Неміс геологиялық зерттеу орталығының ғалымдары Иранның астанасы Тегеранның топырағы біршама шөккенін анықтады, деп жазады Baq.kz.

Тегеран халқының саны 13 млн адамнан асады. Кейбір ауданы жылына 25 см жылдамдықпен шөгіп жатыр. Бұл ғимараттар мен коммуникацияға кері әсер ететіні сөзсіз. Бұған жер асты судың сарқылуы себеп болып отыр.

Зерттеушілер спутниктік радарлар арқылы Тегеран территориясында жер қабатының үстінгі жағын сканерлерді. Содан алынған деректерді тексере келе, 2003 және 2017 жыл аралығындағы жердің шөгу дәрежесін бағалады.

Ғалымдар синтез апертурасы (InSAR) бар интерферометрикалық радардың көмегімен алдын ала тексеру әдісін қолданған. Аталған әдіс топырақ кішкене шіріп кетсе де, анықтап береді.