"Азиялық Техас": Ресейлік тележүргізуші Ольга Кузьмина Оңтүстік жайлы әсерімен бөлісті

0
768

"Россия-1" телеарнасында көрсетілетін "По секрету всему свету" бағдарламасының келесі саны Шымкент қаласы мен Түркістан облысына арналды. Бағдарлама жүргізушісі Ольга Кузьмина мегаполистегі қызықты ақпараттарды көрермендермен бөлісті.


2020 жылдың 11 қаңтарында "Россия-1" телеарнасында "По секрету всему свету" шоуының кезекті эпизоды жарыққа шыққан болатын. Бұл жолғы түсірілім жұмыстары Шымкент қаласында жалғасын тапты. Бағдарлама жүргізушісі үшінші мегаполистегі қызықты оқиғаларымен бөлісті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бағдарлама барысында Ольга Кузьмина телекөрермендерге көпшілік Шымкентті "Азиялық Техас" деп атайтынын да жеткізді. Актриса, мегаполистің неге бұлай аталу себебін де түсіндірді.

Тележүргізуші шырайлы Шым қаланың ежелгітарихынан бастап, бүгінгі мегаполистің келбетіне дейін, яғни дамуы мен өркендеуіне ерекше тоқталған.

Жаңа шығарылымда Кузьмина киізден бас киім дайындауға қатысқан. Оған жергілікті шеберлер Мадина мен Күләш қолғабыс етеді. Сондай-ақ, тележүргізуші дайын аксессуарларды тағып көреді.

Одан бөлек, Ольга бүркіттерді бағатын азамат пен оның Тайсон атты құсымен танысады. Құстарды жарысқа дайындайтын ер адам аң аулайтын құс даярлаудың құпияларымен бөліседі.

Бағдарлама барысында тележүргізуші жергілікті кафелердің біріне кіріп, ондағы аспаздардың бірі Кузьминаға нағыз бешбармақ жасауды үйреткен. Аспаз Алуа Момбекова Қазақстанның әр өңіріндегі бешбармақ дайындау сырымен бөліскен.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін актрисаның елімізге келіп, Түркістан мен Шымкент туризмі жайлы бағдарлама түсіріп жатқанындығы жайлы ақпарат шыққан болатын.