Балабақшада балалар кішкентай қызды соққыға жықты (видео)

0
912

​Тәрбиеші балалардың төбелесіп жатқанын көрсе де, бүлдіршінге көмекке асықпады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


Балабақшада балалар кішкентай қызды соққыға жықты (видео)

ERNUR.KZ. Ресейдің Ярославль қаласындағы балабақшалардың бірінде бүлдіршіндер кішкентай қызды соққыға жықты. Бұл оқиғаны жақын маңдағы үйде тұратын куәгер видеоға түсіріп алған, деп жазады sputniknews.kz.

Видеода балалардың серуенге шыққаны көрінеді. Олар жерде жатқан қызды аяқпен теуіп, қолмен ұрып, үстінен басып өткен.

Куәгерлердің айтуынша, тәрбиеші балалардың төбелесіп жатқанын көрген, бірақ оларды ажыратуға асықпаған. Ол бүлдіршіндерге бірнеше минуттан соң ғана барыпты.

"Мен тәрбиешінің не істейтінін күттім. Бірақ ол мені терезеден көрген соң ғана балаларға барды. Бүлдіршін жерде жылап жатты. Тәрбиеші соңында оның жанына барып, жерде жатқаны үшін айғайлады", - дейді видеоның авторы Никита Макарьин.

Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

"БАҚ таратқан ақпараттан соң, Ярославль облысы бойынша тергеу комитетінің басқармасы жедел түрде тергеуге дейінгі тексерісті бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - дейді өңірдегі тергеу комитетінің өкілі Кристина Гузовская.

Ярославль облысы білім басқармасы департаментінің директоры Елена Иванованың айтуынша, қызметтік тексеріс барысында төбелес болған топтың тәрбиешісі жұмыстан шығарылды.