​Балалар мен әйелдер мінген автобус аударылды

0
1 316

Өзбекстанның Ферғана облысындағы Бешарык ауданында 40 жолаушысы бар автобус жол шетіндегі жыраға қарай аударылып қалды.


​Балалар мен әйелдер мінген автобус аударылды

ERNUR.KZ. Өзбекстанның Ферғана облысындағы Бешарык ауданында 40 жолаушысы бар автобус жол шетіндегі жыраға қарай аударылып қалды, деп жазады Baq.kz.

Автобуста жеміс жинауға бара жатқан жалдамалы жұмысшы әйелдер мен балалар болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 7 адам ауыр халде аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің өміріне әзірше еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Жол апаты 30 тамыз күні орын алған. Куәгерлердің айтуынша, 18 адамға арналған Mercedes-Benz маркалы автобусы жолдан шығып кетіп, жол маңындағы жыраға аударылған.

Бешарык АІІБ хабарлағандай, аталған факті бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Белгілі болғандай, автобус жүргізушісінің жолаушылар тасымалына арналған лицензиясы болмаған.