Балаларға аспирин беруге болмайды - дәрігер

0
2 032

Аспирин балада Рей синдромы сияқты ауыр асқынулар тудыруы мүмкін.


Балаларға аспирин беруге болмайды - дәрігер

ERNUR.KZ. Дене қызуын түсіру үшін 12 жасқа дейінгі балаларға аспирин беруге болмайды. Бұл туралы дәрігер және тележүргізуші Александр Мясников айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Дәрігердің айтуынша, аспирин балада Рей синдромы сияқты ауыр асқынулар тудыруы мүмкін. Бұл жедел бауыр ауруы және энцефалопатия синдромның дамуы өлімге әкелуі мүмкін.

"Әлемнің барлық жерінде балаларға аспиринді ауырсынуды басатын немесе дене қызуын түсіретін дәрі ретінде беруге тыйым салынады", - дейді дәрігер.

Ол мұндай жағдайда балаларға препарат ретінде парацетамол берген дұрысырақ екенін атап өтті.