​Баласын мектепке Ferrari-мен әкелген әкені ата-аналар чатынан шығарып тастады

0
1 905

Қымбат көлікпен баласын мектепке тасыған әкені ата-аналардың ешбірі жақтырмады.


​Баласын мектепке Ferrari-мен әкелген әкені ата-аналар чатынан шығарып тастады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Мектепте оқитын баласын білім ордасына қымбат көлікпен әкелген әке басқа ата-аналар мен педагогтардың наразылығына ұшырады, деп жазалы life.ru.

Қытайдың Чжецзян провинциясында болған бұл оқиғаға баланың сыныптастарының ата-анасы наразылық танытып, оның әрекетін мақтаншақтыққа балап ортақ чаттан шығарып тастаған. Ата-аналардың ашулануының тағы бір себебі – қытайлыққа одан арзандау көлікті пайдалану ұсынылғанда оның бас тартуы себеп болған.

Алдымен баласын мектепке таситын көліктің тым қымбаттығы ата-аналардың ашуына тигендігін оған мұғалім ескерткен. Сонымен қатар, педагог бір сыныпта оқитын балалардың арасында мұндай жағдайдан соң өздерінің әл-ауқатын салыстыру сияқты кемшілік орын алатынын, сондай-ақ ұжымның ынтымағы арасында сызат түсетінін де түсіндірген.

Мұғалімді қоштаған басқа да ата-аналар баланың әкесіне көлікті ауыстыруын өтінген.

Бірақ Ferrari-дің иесі қарсылық танытқан. Басқаларға берген жауабында ол осы үшін көп жұмыс істегендігін, баласына әлемнің тек ең жақсыларын ғана бергісі келетіндігін айтқан.

Осыдан кейін оны сыныптағы ата-аналардың ортақ чатынан шығарып тастаған.

Айта кетерлігі, бақуат тұратын баланың әкесі – Қытайдағы ірі компанияны басқарады және оның жылдық табысы 4 миллион юань (220 миллион теңге көлемінде) көрінеді.

Оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып, оны білскен 3 аккаунтта 30 мыңнан астам пікір жазылса, 12 мың рет бөлісіліпті.