Бәрінің жүрегіне пышақ сұғып, екі отбасын қырып салған қаскөй ұсталды

0
1 444

Жеті айлық сәби мен бұл күні әжесінің үйінде болған қыз бала тірі қалды.


Бәрінің жүрегіне пышақ сұғып, екі отбасын қырып салған қаскөй ұсталды

ERNUR.KZ. Ресейдің Челябі облысында төрт ересек адам мен бір баланы өлтірді деген күдікпен жергілікті тұрғын қамауға алынды, деп жазады sputniknews.kz.

Нязепетровск қаласының тұрғыны үй иесін, оның азаматтық некеде тұрып жатқан әйелін, сонымен қатар қонаққа келген ерлі-зайыптыны бауыздап өлтірген. Қаскөй кішкентай баланы да аямаған. Тағы бір жеті айлық сәби тірі табылды. Осы күні әжесінің үйінде қонақта болған қыз бала да аман қалды. Күдікті барлығын жүрегіне пышақ сұғып өлтірген.

Қылмыстық кодекстің "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру" бабы бойынша іс қозғалды.