​Бас прокуратура кәсіпкерлер ісін бақылауға алды

0
1 010

Мекеме "іс бақылауға алынды, проблема шешіледі" деп хабарлайды


​Бас прокуратура кәсіпкерлер ісін бақылауға алды

ERNUR.KZ. Өзбекстан бас прокуратурасы 12 желтоқсанда ондаған кәсіпкерлердің Бұхара облыстық прокуратура маңында өткізген наразылық акциясына қатысты түсініктеме берді. Мекеме "іс бақылауға алынды, проблема шешіледі" деп хабарлайды.

Былтыр Бұхара орталығындағы "Дилкушо" базары сүріліп, оның орнына жаңа сауда орталығы салынған. Базарда сауда жасап келген кәсіпкерлер әлі күнге дейін өтемақы алмадық дейді. Оларға сонымен бірге жаңа сауда орталығынан орын да бөлінбеген.

Өзбекстан бас прокуратурасының мәлімдеуінше, Бұхара әкімінің шешімімен, "Дилкушо" базарында жұмыс істеген кәсіпкерлердің бәріне 2017 жылдың сәуір-мамыр айларында бұрынғы жиһаз фабрикасы орнынан жер телімдерін берген екен. Бірақ саудагерлер жергілікті әкімнің бастапқы уәдесін орындауын талап етеді. Бұхара билігі өкілдері оларға базардың орнына жаңадан салынған сауда орталығынан орын береміз деп уәде еткен екен. Кәсіпкерлер талабымыз орындалмайынша, құқық қорғау органдарының барлық сатысына арызданамыз деп отыр.


Дереккөз:centralasian.org/a.