​Баян-Өлгийде Қазақстанның білім күндері өтеді

0
1 010

Бүгінгі таңда Қазақстан – Орталық Азиядағы білім хабына айналу мақсатында көптеген жұмыстар атқарып жатыр.


​Баян-Өлгийде Қазақстанның білім күндері өтеді

ERNUR.KZ. 2019-шы жылдың 22-23 наурыз күндері Монғолия Республикасы, Баян – Өлгей жерінде «Қазақстан білім күндері» - Халықаралық білім көрмесі өтеді. Бұл туралы "Болашақ" ХБО баспасөз қызметі хабарлады, деп жазадыBAQ.KZ.

Көрмеге Қазақ елінің 30-ға жуық үздік оқу орындары, атап айтсақ:Назарбаев Университеті, Сүлеймен Демирел атындағы халықаралық университет, Қазақ мемлекеттік медициналық университет т.б. Қазақстанда үздік сапада білім беріп отырған университеттер бар .

Бүгінгі таңда Қазақстан – Орталық Азиядағы білім хабына айналу мақсатында көптеген жұмыстар атқарып жатыр. Сонымен қатар, Қазақстандық университеттердің мұндай үлкен «білім хабына» айналумүмкіндігі де, сапасы мен әл-ауқаты да жеткілікті екендігін айта кеткен жөн. Бұл орайда, Қазақстанда білім алудың бірнеше артықшылығы бар:

• Бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқу стипендияларын жеңіп алу мүмкіндіктері

• 2 дипломдық оқу бағдарламасы

• Жоғары білімнің қолжетімділігі

• Заманауи білім беру технологиялары

Орталық Азиядағы ең мықты оқу орнының студенті атанғыңыз келсе, ағылшын, орыс, қазақ тілінің өз қалаған тіліңізді таңдай отырып білім алам десеңіз, Қазақстандық оқу университет өкілдерінен тікелей кеңес алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, көрме 22-23 наурыз, сағат: 10-18:00-ге дейін,«Махсум» қонақүйінде өтетін болады.