Бейрут портынан химиялық улы заты бар 79 контейнер табылды

0
586

4 тамызда Бейрутта жойқын жарылыс болып, Ливан астанасындағы ғимараттардың жартысы бүлініп, 170-тен аса адам қаза тапқан еді.​


Бейрут портынан химиялық улы заты бар 79 контейнер табылды

ERNUR.KZ. Ливан әскери күштері француз әскерилерімен бірге Бейрут портынан химиялық улы заты бар 79 контейнер тапты. Бұл туралы Ливан армиясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.

"14-22 тамыз аралығында тұз қышқылы бар 25 контейнер табылды, сонымен қатар ағып кетуі қауіпті болатын басқа заттар бар 54 контейнер табылды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 4 тамызда Бейрутта жойқын жарылыс болып, Ливан астанасындағы ғимараттардың жартысы бүлініп, 170-тен аса адам қаза тапқан еді.