Бейрут портының жарылысқа дейін және кейін түсірілген суреттері жарияланды

0
1 026

​Алғашқы фотосурет 2019 жылдың 4 қарашасында түсірілген.


Бейрут портының жарылысқа дейін және кейін түсірілген суреттері жарияланды

ERNUR.KZ. Ресейдің "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясы Ливанның Бейрут портында сейсенбі күні орын алған жойқын жарылысқа дейінгі және кейінгі суреттерін жариялады, деп жазады baq.kz.

Алғашқы фотосурет 2019 жылдың 4 қарашасында түсірілген. Одан судың жанында орналасқан көптеген ангарлар мен ғимараттарды көруге болады. Ал ресейлік "Канопус-В" спутнигі түсірген екінші суретте порт аймағында орналасқан ғимараттардың орны, қираған, аударылған кемелер ғана көрінеді.

Еске салайық, 4 тамыз күні Ливан астанасы Бейрут теңіз портының аумағында ірі жарылыс болған еді. Жарылыстың толқыны ондаған үйлерді, автомобильдерді қиратып, қаланың көптеген кварталдарында орналасқан ғимараттардың әйнегін шытынатты. Соңғы мәліметтер бойынша, қайтыс болғандар саны 137 адамға жеткен, бес мыңнан астам адам жарақат алып, дені хабар-ошарсыз кетті.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, жарылыстың себебі 2015 жылы кеден тәркілеген қоймада сақталған 2700 тонна аммиак селитрасының жарылуы болды. Шығын үш-бес миллиард доллар шамасында бағаланды.

Ливанның премьер-министрі Хассан Дияб сәрсенбіні Бейруттағы жойқын жарылыстың құрбандарына байланысты аза тұту күні деп жариялады.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан Президенті Мишель Аунмен сөйлесіп, Бейрут портындағы жарылыс кезінде қаза болған адамдардың отбасына көңіл айтты.