Бейруттегі жарылыстан кейін мұнай бағасы қымбаттай бастады

0
677

Сарапшы бұл оқиға мұнай тасымалына кедергі әкелуі мүмкін деп болжайды.


Бейруттегі жарылыстан кейін мұнай бағасы қымбаттай бастады

ERNUR.KZ. Бейрутта болған күшті жарылыстан кейін сейсенбіде АҚШ аукциондарында Техас жеңіл майлы мұнайының (WTI) бағасы көтерілді, деп жазады zakon.kz.

Бұған Нью-Йорк тауар биржасының мәліметтері дәлел.

Жергілікті уақыт 15:05 бойынша WTI маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы 0,64 $ (1,56%) көтеріліп, 41,65 $ құрады. Сауда-саттық кезінде бірінің құны, тіпті 42 доллардан асты.

NationsShares қаржы компаниясының президенті Скотт Нейшнс CNBC телеарнасына берген сұқбатында Бейруттағы жарылыс WTI мұнайы құнының бой көтеруінің басты себептерінің бірі екенін атап өтті.


- Біз геосаяси тұрақсыздықтан қорқамыз, - деді ол.
Сарапшы бұл оқиға мұнай тасымалына кедергі әкелуі мүмкін деп болжайды.
АҚШ қор нарығында негізгі баға көрсеткіштері бір күн ішінде әртүрлі бағытта өзгерді. Күннің соңында айтарлықтай өзгерістер болған жоқ.