Белгілі актрисаның өмір бойына сал болып қалатыны туралы ақпарат тарап кетті

0
879

​Қазіргі уақытта актриса мүгедек арбасымен жүруге мәжбүр болып отыр. Ол оңалту орталығында ем қабылдап жатыр.


Белгілі актрисаның өмір бойына сал болып қалатыны туралы ақпарат тарап кетті

ERNUR.KZ. Танымал ресейлік актриса Анастасия Заворотнюк өмір бойы сал болып қалады, деп жазады sputniknews.kz.

Қазіргі уақытта актриса мүгедек арбасымен жүреді. Ол үш ай бойы емделіп жүр. Жанында анасы мен күйеуі Петр Чернышев бар.

"Миының сол жақ бөлігіндегі ісік салдарынан патология туындаған. Алдымен оң қолы қозғалмай қалды. Енді толықтай денесінің оң жағы өмір бойына сал болып қалды", — дейді Mash-тың дереккөзі.

Заворотнюк қандай дертке шалдыққан?

Бұдан бұрын ресейлік жұлдыздың жансақтау бөліміне түскені хабарланған еді. Ауыр сырқатқа шалдыққан Анастасия Заворотнюктің миында ісік пайда болған. Оған мидың қатерлі ісігі деген диагноз қойылыпты. Актрисаның сырқаты жайында бір жыл бұрын белгілі болды, соңғы кездері ол Еуропада емделіп жүрген еді.

Әртіс мәнерлеп сырғанаушы Петр Чернышевпен отбасын құрған болатын. Олар өткен жылы қызды болды. Сондай-ақ, актрисаның 1996 жылы туған қызы мен 2000 жылы туған ұлы бар.