​Белгісіз біреулер полиция бөлімшесіне шабуыл жасады

0
1 137

Нәтижесінде шабуылдағандар екі полицейді жарақаттаған.


​Белгісіз біреулер полиция бөлімшесіне шабуыл жасады

ERNUR.KZ. Шешенстанда белгісіз біреулер полиция бөлімшесінде екі полицейге шабуыл жасады, деп жазады tengrinews.kz.

Басылымның мәліметінше, белгісіз екі ер адам Шешенстанның ІІМ Шалин ауданының аумағына басып кірмек болған. Олардың қолында пышақ болған. Нәтижесінде шабуылдағандар екі полицейді жарақаттаған.Шешенстан бойынша ІІМ баспасөз қызметінің өкілдері олардың көзі жойылғанын хабарлады. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел топ жұмыс істеп жатыр.