Бельгияда тұрғындар ақ халаттыларға ерекше алғыс білдірді

0
573

Ақ халаттыларға алғыс айту флешмобы Бельгиядан бөлек, Франция мен Нидерландыда да басталған.


Бельгияда тұрғындар ақ халаттыларға ерекше алғыс білдірді

ERNUR.KZ. Кеше Бельгияның Брюссель қаласында тұрғындар коронавируспен күресіп жатқан медициналық қызметкерлерге ерекше құрмет көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Брюссель қаласының басшысы Руди Верворт әлеуметтік желі арқылы тұрғындарды дәрігерлердің жұмысын бағалауға, олардың ерен еңбегін ескеруге шақырған.

Осылайша, кеше, кешкі сағат 20:00-де тұрғындар үйлердің ашық терезелері мен балкондарынан қол шапалақтау арқылы коронавируспен күресіп жатқан медициналық қызметкерлерге алғыстарын білдірген.

Ақ халаттыларға алғыс айту флешмобы Бельгиядан бөлек, Франция мен Нидерландыда да басталған.