​Бензин тасымалдайтын көлік апатқа ұшырап, төрт адам қаза тапты

0
1 144

Апат болған сәтте автоцистернада жанармай болды ма, жоқ па – әзірге белгісіз.


​Бензин тасымалдайтын көлік апатқа ұшырап, төрт адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Сәрсенбі күні АҚШ-тың Нью-Джерси штатында болған жол апатынан төрт адам қаза тапты. Бұл туралы АВС телеарнасы хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

Арнаның хабарларына қарағанда, тас жолда жоғары жылдамдықпен келе жатқан авто алдындағы бензин тасымалдайтын жүк көлігін соққан. Себебі белгісіз. Соққының салдарынан бірінші автомобильдің төбесі жұлынып кеткен. Апат болған сәтте автоцистернада жанармай болды ма, жоқ па – әзірге белгісіз.

Жеңіл көлікте 21-24 аралығындағы төрт адам болған. Олардың барлығы қаза тапты. Ал жүк көлігінің жүргізушісі аздап жарақаттанған.

Нью-Йорктен 100 шақырымдай оңтүстікте болған апаттың салдары әзірге белгісіз. Тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.