Бензин тасымалдаушы көлікпен автобус соғысып 21 адам қаза болды

0
873

Иранда көлік соқтығысып 21 адам көз жұмып, 20-сы түрлі жарақат алған


Бензин тасымалдаушы көлікпен автобус соғысып 21 адам қаза болды

ERNUR.KZ. Иранда жолаушылар автобусы мен бензин тасымалдаушы көлік соқтығысып, 21 адам қаза тапты, деп жазады 24.kz.

Тағы 20 адам түрлі жарақат алған. Олардың қатарында балалар мен әйелдер де бар.

Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жол апаты Кашан мен Нетенз қалалары арасындағы тас жолда болған.

Әзірге оқиғаның мән-жайы белгісіз. Тергеу жүргізіліп жатыр.